Түркістан облысы қыстың бел ортасында егін салу науқанын бастап кетті. Қазақстанның ең оңтүстігінде орналасқан Мақтаарал ауданындағы шаруалар қызылша мен қырыққабат екті. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мақтааралдық шаруа Шағыр Күшербаев ас үй қызылшасын заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіруді көздеп отыр. Алғашқы өнім сәуір айында пісіп жетіледі.
Сонымен бірге осы ауданда жақын арада қырыққабат егу жұмыстары да басталады.
«Көкөністің осы түрі де ерте пісетін дақылдардың қатарына жатады және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім», – деп есептейді облыс әкімдігі.
Мақтаарал биыл жалпы көлемі 60,3 мың гектар егістік алқапты...