Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент- Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылғы қызметінің қорытындысы туралы баяндаманы тыңдады», – деп нақтылады Ақорда.
Қорғаныс министрі президентке әскердің жауынгерлік дайындығының ағымдағы деңгейі және Қарулы күштерді дамытудың негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы есеп берді.
Қосанов, сондай-ақ, цифрлық технологияны енгізу барысы, әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйі және әскери инфрақұрылымды жаңғырту туралы ақпаратты ұсынды. Баяндамада президенттің әскердегі тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылған.
«Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы...