Аты шулы блогер Қайсар Камза 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков айтты.
Заңгердің айтуынша, Қайсар Камза 2025 жыл бойы өзінің жабық Telegram-арнасында онлайн-казиноларды жүйелі түрде жарнамалаған. Аталған арнаның аудиториясы шамамен 400 мың адамға жуық. Айта кетейік, Қазақстан аумағында онлайн-казино қызметіне ресми түрде тыйым салынған.
Сондай-ақ, заңгер блогердің бұл қызметі үшін төлемді криптовалюта арқылы алғанын айтты.
Көпшілік криптоактивтерді бақылау мүмкін емес деп ойлағанымен, құқық қорғау органдары мұндай қаржылық ағындарды қадағалау тетіктерін әлдеқашан енгізген. Болжам бойынша, Камза заңсыз жарнама арқылы шамамен 200 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Қазірг...