Бүгін, 12 қаңтар күні, қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келгеніне 114 жыл толып отыр.
Дінмұхамед Ахметұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында (қазіргі Алматы) қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі – Ысты тайпасының Ойық руы. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы ауыл шаруашылығы мен сауда саласында еңбек еткен, қазақ және орыс тілдерін меңгерген сауатты адам болған. Анасы Зәуре Байырқызын үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелеген.
Білімі мен қызмет жолы
1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті тәмамдаған Қонаевты 1931–1936 жылдары Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Мәскеудегі Түсті металл институтына оқуға жібереді. Оқу орнын тау-кен инженері мамандығы...