Қазақстан алғаш рет China Mobile International (CMI) компаниясының ғаламдық картасына енгізілді. Ал Akashi Data Center Орталық Азиядағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға арналған стратегиялық алаңға айналды. Бұл туралы Астанада өткен CMI конференциясында белгілі болды.
CMI өкілдері компания Akashi-дің Tier IV деңгейіндегі (100 МВт) қуаттылығын операторлар мен мемлекеттік құрылымдардың AI-жүктемелерін қамтамасыз ету үшін тірек алаң ретінде пайдалануды жоспарлап отырғанын айтты.
Akashi Data Center бас директоры Владислав Минкевич MI-мен әріптестік Қазақстан үшін маңызын түсіндірді:
«Бүгін біз маңызды қадам жасадық — Akashi алғаш рет жаһандық бұлт картасында халықаралық мойындауға ие болды. Қазақстан үшін бұл елдің Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретінде орныға...