Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары 2013 жылы Қашағанда болған ірі апатты бастапқыда елемеген. Energy Research & Social Science журналында жарияланған зерттеуде Глазго университетінің ғалымы Юлия Шваб осындай тұжырым жасайды. Зерттеу апаттың экономикалық қана емес, ақпараттық-саяси салдарын да ашып көрсетеді. Бұл жұмысқа Energy Analytics Telegram-арнасы назар аударған.
Глазго университетінің зерттеушісі Юлия Шваб Қашаған кен орнында 2013 жылы болған апатқа қатысты қазақстандық БАҚ қалыптастырған нарративтерді талдаған. Бұл апат кен орнындағы коммерциялық өндірістің басталуын 2016 жылға дейін кешіктірді.
Ресми медианың стратегиясы
Зерттеуде қазақстандық ресми БАҚ-тың үш кезеңдік стратегиясы сипатталады:
бастапқыда апатты елемеу; апат себебін мұнай құрамындағы сутек сульфидінің (H₂S) көптігімен түсіндіру...