Алматы әкімдігі Шәріпов көшесінде ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, қыз қайтыс болған жағдайға түсініктеме берді.
Әкімдік мәліметінше, оқиға орнына Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, прокуратура, экология және қоршаған орта басқармасы және осы басқармаға қарасты Eco Almaty ұйымының қызметкерлері барған.
«Көрнекі тексеру барысында бұтақ сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Ағаштың санитарлық қырқуға жататынын немесе бұтақтың не тұтас ағаштың құлау ықтималдығын тек сыртқы тексеру арқылы анықтау мүмкін емес, себебі ағаш жасыл және қурау белгілері жоқ.», – деген әкімдік өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы тұрғындардың өтініші бойынша осы аумақтағы емен ағашына санитарлық қырқу жүргізілген. Ал...