Дженнифер Лопес тамыз айының басында Астана мен Алматыда концерт берді. Өзбекстан астанасы Ташкентте де өнер көрсетті.
Бұл мәдени шара Қазақстанға жоқ дегенде 11 млрд теңге әкелуі мүмкін.
Астанада өткен концертке 30 елден көрермен келгені айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт билеттің, ұшақтар мен пойыздардың шығынын есепке алмағанда, Астанаға шамамен 6,5 млрд теңге немесе 11,6 млн АҚШ доллары көлемінде пайда әкелуі мүмкін.
Орта есеппен алғанда, билет құны 200 АҚШ доллары болса, ұшақтардың билеті – 310 АҚШ доллары.
Бюджетке 400 млн теңге салық түседі деп күтіліп отыр.
Ал Дженнифер Лопестің Алматыда 10 тамызда өткен концертіне 35 елден 20 мыңға жуық адам келген...