Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматының сәулеттік тұтастығы мен экологиялық тепе-теңдігін сақтау мақсатында қаланың өмірін тұралатып тұрған бейберекет құрылысты тоқтатуды сұрап, Үкімет басшысы мен Алматы әкіміне қайырылды.
Депутат «RAMS» құрылыс компаниясының жырға айналған жобаларына жеке тоқталғысы келетінін жеткізіп, өзіне аталған компания салып жатқан үй кешендеріне қатысты шағым өте көп түсетінін атап өтті.
«Компанияның көпшілік кешендері құрылыс нормаларын бұзудан бастап, ашық кемшіліктерге дейін қатаң сынға ілінуде. Бұрынғы жобаларын аяқтамастан аталмыш компания жаңа ауқымды жобаларды бастап жібереді», – дейді ол.
Депутаттың сөзінше, компания уәде еткен бірқатар әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асырмаған. Тар көшелерді кеңейту, трансформаторлық қосалқы станса...