2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап лоукостер Wizz Air Абу-Дабидегі жұмысын тоқтатады. Бұл Қазақстанмен де әуе қатынасы тоқтайды деген сөз.
Wizz Air компаниясы Қазақстанға тек Абу-Даби арқылы ғана рейстер орындап келген. Сондықтан Абу-Дабидегі қызметтің тоқтауы елімізге ұшатын барлық бағыттардың жабылуына әкеледі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, әуе компания Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Абу-Дабиден ұшатын рейстерін тоқтатып жатыр.
«Жабдықтау тізбегіндегі шектеулер, геосаяси тұрақсыздық және нарықтарға шектеулі қолжетімділік бастапқы жоспарымызды жүзеге асыруға кедергі келтіруде», – деді компания басшысы Йожеф Варади.
Осы себепті Wizz Air енді өз қызметін негізгі нарықтарға – Орталық және Шығыс Еуропаға, сондай-ақ Австрия, Италия және...