Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастыру керек екеніне назар аударды.
«Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады», – деді ол.
Президенттің пайымдауынша, қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аудару керек. Осы орайда Тоқаев Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құруды тапсырды. Бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған...