600 мың теңгелік торттың ақшасын төлемей, кондитермен болған жанжалдан кейін, блогер Аселина Батыр тағы бір төленбеген жұмыс жайлы даудың ортасында қалды. Бұл жолы жағдайды фотографтың құрбысы әлеуметтік желіде жариялаған. Ол блогермен жазысқан хат алмасу скриншоттарын бөлісті.
Автордың айтуынша, Аселина Батыр өзінің құрбысына сыйлық ретінде фотосессияға тапсырыс берген. Қызмет құны 40 мың теңге болған. Фотосессияның шарттары алдын ала келісілген, блогер ақшаны жіберуге уәде берген. Сол кезде Аселина АҚШ-та тұрған, ал түсірілім Қазақстанда өткен.
Алайда төлем жасау барысында қиындықтар туындаған. Жарияланған хат алмасуда бір ай бойы Аселина Батыр түрлі себептер айтып, ақшаны аудара алмай жүргенін жазғаны көрінеді. Кейін ол мүлде байланысқа...