Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен шағын құрамда келіссөз жүргізген. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Келіссөз барысы
Кездесу барысында президент Астана шақыруын қабыл алғаны үшін Иордания короліне алғысын жеткізіп, бұл сапардың екі елдің өзара ынтымақтастықты дамытуына жол ашатынын айтқан.
«Бұл Сіздің елімізге алғашқы келуіңіз емес. Қазақстанның қазіргі өркендеу жолына жіті көңіл бөліп отырасыз. Екіжақты күн тәртібінде жүзеге асырылуға тиіс бірқатар мәселе бар. Кеше екі ел арасындағы қарым-қатынастарға, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты мазмұнды әңгіме өрбіттік. Сіздің жаһандағы жағдайды жетік түсінетініңізге өте ризамын. Бүгін де пікір алмасуды жалғастыруға...