«Цифрлық Жібек жолы – 2025» форумы аясында Қазақстан мен Қытай арасында туризм саласындағы цифрлық серіктестікті кеңейту мәселесі кеңінен талқыланды. Форум жұмысына екі елдің туризм, қонақ үй бизнесі және технология саласындағы жетекші сарапшылары, туроператорлар мен ІТ-компания өкілдері қатысты.
Zowoyoo – қазақстандық турбизнеске жаңа мүмкіндік
Форум аясында ерекше назар Қазақстанның Қытай нарығында цифрлық дамуына аударылды. Осы жылдың маусым айында Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Қытайдың ең ірі туристік онлайн платформаларының бірі саналатын Zowoyoo компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл қазақстандық туроператорлар, қонақ үйлер және туристік нысандар үшін өз қызметтерін:
Zowoyoo платформасында Қытайдың танымал әлеуметтік желілерінде: Douyin (TikTok баламасы), Xiaohongshu (Little...