Алматыда қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Алайда марқұмның анасы істі Алматыдан Астана қаласындағы мамандарға беруді сұрап отыр.
Істің мән-жайы
Ақнәр Гүлістан 2024 жылдың 20 шілдесінде терезеден құлағаннан кейін қаза тапқан. Содан кейін қылмыстық іс өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша қозғалды. Анасы Гүлістан Хамит қызының кісі қолынан өлгеніне сенімді.
Сол күні Ақнәрдің жанында екі құрбысы Дидар Мұқият пен Рано Асқар болған. Екеуі қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куә деп танылған.
«Екеуі жарты сағат төбелескен»
Заңгер Инга Иманбайдың айтуынша, марқұмның анасы тергеуге жаңа материалдар ұсынған. Алайда ол құжаттар назарға алынбаған. Оған қылмыстық істің ҚК 105-бабы (өзін-өз...