Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында Тоқаев тарихи шаһар Тяньцзиньде қонақжайлық танытқан үшін Қытай елінің басшысының алғысын жеткізген.
«Біз Сіздің еліңіздің осы ұйымға төрағалық етуін толық қолдаймыз. Ұйымның күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылау жұмысына белсене атсалысып жатырмыз. Сондай-ақ Сізді Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс пен Қытайдың жапон басқыншылығына қарсы соғыстағы жеңісінің 80 жылдығымен құттықтаймын. Сіздің еліңіз фашизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты. Қытай халқы соғыс жылдарында нағыз батылдық, шынайы отаншылдық, қайтпас қайсарлықтың озық үлгісін көрсетті. Мұны бәрі жақсы біледі және жоғары бағалайды», – деді президент.