Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды. Оның ісі Павлодардағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралды.
Рavlodarnews.kz басылымының жазуынша, айыпталушы ретінде 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері танылған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Шабанбай бұл медальді 2022 жылы жарыстың екі жүлдегері допинг қолданғаны үшін шеттетілгеннен кейін алған. Шабанбай Азия чемпионаттарының төрт дүркін қола жүлдегері (2008, 2009, 2011, 2014), сондай-ақ 2014 жылы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленген.
Белгілі спортшы кәсіби мансабын бес жыл бұрын аяқтап, олимпиадалық резервті даярлау орталығында спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеген.
Оған Қылмыстық кодекстің 380-бабының төртінші бөлігінің 1-тармағы бойынша – «ек...