Қыркүйекте республика аумағында ауа райы салқын болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы төмендеп, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жаууы мүмкін.
Алғашқы онкүндікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылады. Жаңбыр жауып, кей жерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел соғады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірде үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған.
Айдың басында еліміздің батысында ауа температурасының түнде +15…+20°С, оңтүстікте +23°-тан +8…+15°С-қа дейін, күндіз +32…+37°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді,
Содан кейін ауа температурасы түнде +12…+18°С, күндіз +25…+30°С, оңтүстікте +35°С-қа дейін жоғарылайды.
Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасы күндіз +32…+40°С дейін көтеріледі. Онкүндіктің ортасына қарай +25…+30°С-қа дейін түсед...