Үкіметте осы жылдың 11 айындағы экономикалық өсім 6,4 пайызға жеткені жайлы есеп берілді. Мұны көп басылым қазіргі кабминнің басты жетістігі ретінде таратып жатыр. Әйтсе де, осынау өсім қарапайым халықтың өміріне қаншалықты оң әсер етеді? Бұл сұрақты Kursiv.Media тілшісі Қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қойды.
«Өсім қазір емес, болашақта сезіледі»
Вице-министрдің айтуынша, мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, Қазақстан экономикасы өсім көрсетіп отыр. Ол өсімнің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы, сауда және ішкі өндіріс қамтамасыз етіп жатқанын айтты.
«Біз экономикалық өсу қарқынын көріп жатырмыз. Мәселен, тауарлар базасы төмендеп жатыр. Мұнайдың бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды. Мысалы, биыл...