Шымкенттегі «Алма» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй сапасына шағымданды. Айтуларынша, пәтерді сатып алғанына ай өтпей жатып ши шыққан. Наразы тұрғындар құрылыс компаниясынан мәселені шешіп беруді талап етті.
Биыл Алау Сейдуллақызы «Наурыз» бағдарламасымен «Алма» тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Ол үшін жылдар бойы кезекте тұрған. Десе де отбасының баспаналы болдық деген қуанышы көпке созылмапты. Алған пәтердің есік, терезесінен жел уілдеп, жауын-шашында су өткен. Еденге төселген линелиум көтеріліп кеткен.
Тұрғындар мәселе тек бір пәтерде емес деп отыр. Олардың сөзінше, тұрғын үй кешеніндегі ондаған пәтерден ақау шыққан. Шатыр мен бірге жертөлеге де су жиналады. Жеделсаты дұрыс жұмыс істемейді. Кейде тоқтап...