Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы – Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық ісі қаралып жатыр.
Құқық қорғау органдарына Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова жүгінген. Бұған дейін Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев сотта куә ретінде жауап берді.
Ал сотталушы Бекзат Кемелова – Уәлихан Бишімбаевтың бөлесі Қайрат Кемеловтің әйелі.
Даудың басы
Тергеу дерегіне сәйкес, Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова ұлына қатысты іс қаралып жатқан кезде үйінде тұрған 990 000 долларды көк түсті шабаданға салып, Бекзат Кемеловаға берген. Ал Кемелова бұл ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланып, қайтармаған.
Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекова Кемеловтерге барып ақшаны қайтаруын сұраған. Алайда...