Әйгілі Audi A4 қайта оралады. 2025 жылы Audi A4 шағын седанының сериялық өндірісі аяқталады. Бұл модельді A5 электромобилі алмастырады. Алайда Audi компаниясының бас директоры Гернот Делльнердің айтуынша, A4 атауы сақталып, болашақта бұл модель электромобиль ретінде қайта оралады.
Жаңа электрлі Audi A4 Volkswagen Group-тың арнайы платформасында жасалады. Бұл архитектура бастапқыда 2026 жылы таныстырылады деп жоспарланған еді. Бірақ бағдарламалық жасақтамада туындаған қиындықтарға байланысты оның таныстырылымы кейінге шегерілді. Сондықтан жаңа Audi A4 моделі 2027 жылдан ерте болмайды.
Volkswagen Group әзірлеген бұл жаңа архитектура SSP деп аталады. Ол 1 700 ат күшіне дейінгі қуатты еңсере алады. Болжам бойынша, электрлі A4 шамамен...