Ұзаққа созылған жаңғырту жұмыстарынан кейін бұрынғы «Целинный» кинотеатры заманауи мәдениет орталығына айналып, келушілерді қабылдауға дайын. Kursiv LifeStyle Алматының жаңа көрнекті орны қалай жаңа кейіпке енгенін көрсетті.
Алдымен көзге түсетіні – негізгі кіреберістегі шымылдық пішінінде жасалған жаңартылған қасбеті. Ал қапталдарында көне петроглифтердің көшірмелері бейнеленген.
Ғимараттың бірінші қабаты бірнеше секцияға бөлінген. «Орта-1» залында кіреберіс, вестибюль мен кітапхана орналасқан. Мұнда концерттер, көрмелер және басқа да шаралар өтеді.
«Орта-1» қабырғасында бұрын «Целинныйды» безендірген Евгений Сидоркиннің сграффитосы сақталған. Бұрынғы қайта жөндеулер кезінде ол қатты бүлінген еді. Орталық өкілдерінің айтуынша, бұл ерекше жұмысты құрылысшылардың «жалқаулығы ғана құтқарған»: олар суретті қиратып тастамай, жай ғана гипсокартонмен жауып қойған...