Еуропа Одағы (ЕО) Ресейден келетін газдан кезең-кезеңімен бас тарту жөнінде келісімге қол жеткізді. Бұл туралы ақпарат Еуропарламенттің Threads желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Келісім REPowerEU жоспары аясында әзірленген регламентке негізделген. Құжатқа сәйкес, Ресейден жеткізілетін сұйытылған табиғи газды (СТГ) импорттау 2026 жылдың басынан біртіндеп тоқтатылады.
Ал 2027 жылдың қыркүйегінен кейін құбыр арқылы тасымалданатын газды сатып алмайды. Жалпы алғанда, 2027 жылдың соңына дейін ЕО Ресей газынан толық бас тартпақ.
Бұл шешімді ЕО-ға мүше 27 елдің 25-і қолдап, Венгрия мен Словакия Ресей газына тәуелді болғандықтан қарсы шыққан.
Еуропарламент Ресейдің ұзақ жылдар бойы энергетика ресурстарын, әсіресе 2022 жылы Украинаға қарсы соғыс ашқан...