Алматыда полиция нәресте саудасымен айналысты деген күдікке ілінген ұйымдасқан топтың әрекетінің жолын кесті. Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемалардың жолы кесілгенін хабарлады.
Елде адам саудасына қарсы жүргізілген «STOP-трафик» жедел іс-шарасы аясында жалпы 39 факті анықталған. Соның ішінде ең резонансты оқиғалардың бірі – Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топтың әшкере болуы.
ІІМ дерегінше, топ ұйымдастырушылары қиын жағдайға тап болған жас аналарды материалдық сыйақы үшін сәбилерін бөгде адамдарға беруге итермелеген.
«Барлық қатысушылар ұсталды. Қазір 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18