2025 жылдың 21–24 тамызы аралығында еліміздің кинотеатрларындағы кассалық көрсеткіштер жаңарды. Freedom Ticketon ұсынған мәліметке сәйкес, аптаның үздік ондығына енген фильмдер ішінде отандық туынды көш бастап тұр.
«Қолыңнан келсе алып қаш» – аптаның абсолютті көшбасшысы. Бірінші аптаның өзінде 432 302 325 теңге жинап, кассалық рекорд орнатты. Бұл комедия жанры көрермен жүрегінен орын тапқанын дәлелдеді. «Жаман жігіттер» (4-апта) – 38 172 251 теңге жинап, екінші орынды иеленді. Голливудтық мультфильм бірнеше апта қатарынан сұранысқа ие. F1 (9-апта) – 30 038 840 теңге. Спорт тақырыбындағы фильм әлі де қызығушылық тудыруда. «Диспетчер» – алғашқы аптасында 28 891 525 теңгемен төртінші орынға көтерілді. «Орудия» (3-апта...Жаңалықтар
Алматы әкімі 150 жер учаскесін мәжбүрлеп сатып алу туралы қаулыға қол қойды. Сүру жұмыстары Жетісу және Медеу аудандарында жүргізіледі.
Бұл Райымбек даңғылын кеңейту мақсатында жасалып отырған шара. Жетісу көшесінен бастап Шығыс айналма жолына дейінгі аралықта орналасқан нысандар сүрілетін болады.
Әкімдік барлық меншік иелеріне ақшалай өтемақы төленіп, олардың мүлкі нарықтық құны бойынша бағаланады деп сендіріп отыр.
Мәжбүрлеп иеліктен шығарудың соңғы күні 2028 жылдың 31 желтоқсаны. Осы уақытқа дейін әкімдік барлық меншік иелерімен өтемақы сомасы жөнінде келісуі тиіс.
Айта кетейік Алматыда мемлекет мүддесі үшін жер учаскелерін сатып алумен «Қала Жер орталығы» басқармасы айналысады.
Еске салайық 2024 жылдың қараша айының соңынан бастап...
«НұрАй & Ко» туристік компаниясы Алматы әуежайында 25 тамызда түнде өзін-өзі өртеген жас жігіт туралы тың мәлімет таратты. Оқиға турфирманың терминалдағы кеңсесінің ішінде болған.
Турфирма не дейді
Туристік компания таратқан мәліметке қарағанда, үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеген жігіт «азаматтық некедегі әйелімен дауласқан».
«НұрАй & Ко» компаниясы атынан ресми түрде жариялаймыз: біздің агенттің әуежайда өзін-өзі өртеу оқиғасына ешқандай қатысы жоқ. Екеуі жанжалдаспаған. Ер азамат азаматтық некедегі әйелімен дауласқан«, – деп хабарлайды турфирма.
Бұған қоса, мәлімдемеде ол жігіттің компания клиенті емес екендігі де айтылған.
«Өзін-өзі өртеген жігіт «»НұрАй & Ко» компаниясыны...
Қазақстандықтар ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 200 мың теңгеге дейін өсіруді талап етіп, петиция жариялады.
Петиция авторлары қазіргі уақытта ең төменгі жалақыны екі есе көбейту қажет деп санайды. Белсенділер бүгінгі ең төменгі жалақы отбасыны асырауға мүлдем жетпейтінін, ал табыстың өсуі инфляция салдарынан іс жүзінде сезілмейтінін айтады.
Айта кетейік қазіргі уақытта Қазақстанда ЕТЖ мөлшері 85 мың теңге (шамамен 160 АҚШ доллары).
Авторлар салыстырмалы түрде Түрікменстандағы ең төменгі жалақыны мысалға алған, онда шамамен 200мың теңге, ал Балтық елдерінде (Эстония, Латвия, Литва) – 500-600 мың теңге аралығында. Эквадорда бұл көрсеткіш – 470 АҚШ доллары (шамамен 270 000 теңге).
Абай облысында 40 метрлік ағаштарды кесу үшін 150 млн теңгенің конкурсы жарияланған. Алайда жергілікті прокуратура бұл ағаштардың іс жүзінде жоқ екенін анықтаған. Нәтижесінде конкурс тоқтатылды.
Конкурс қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша жарияланған.
«Тексеру барысында құжаттарда конкурсқа қатысушыларға негізсіз және шектен тыс талаптар қойылғаны анықталды. Атап айтқанда, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдықтың болуы талап етілген. Мұндай талап артық, себебі Семей қаласында мұндай биік ағаштар өспейді», – делінген ақпаратта.
Прокуратура Қазақстанда мұндай ағаштар өспейтініне назар аударған.
Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөлік арасында сәйкессіздіктер болған. Нәтижесінде конкурс жойылып, құжаттама...
Талдықорғанда көп пәтерлі тұрғын үй салуға мемлекеттен тапсырыс алған құрылыс компаниясы бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, 2021 жылы мердігер ұйым тапсырыс берушімен жалпы сомасы 1,7 млрд теңге екі көпқабатты тұрғын үй салу туралы келісімшартқа қол қойған.
Бірақ арада жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан компания келісімшартта көрсетілген жұмыстарды толық орындамаған. Бірақ жұмыс актілерінде жұмыстардың орындалғаны жөнінде жалған ақпарат беріліп келген. Мысалы, құжатта көрсетілген 9 қабаттың тек 7 қабаты ғана тұрғызылған. Сонымен бірге жылыту және сумен жабдықтау, электр желілерін жүргізу жұмыстары орындалмаған. Жоспарда көрсетілген сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізілмеген.
Компания...
Жамбыл облысында «UNICROP»ЖШС агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Жылына 500-1000 агродрон құрастырады деп хабарлайды ауыл шаруашылық министрлігінен.
Әзірге жоспар бойынша, 2025 жылы компания 50–60 дрон , ал 2026 жылы кемінде 150 бірлік сатуы қажет. Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады.
Агродрондар арқылы егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылауға болады.
«UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндіреді министрліктен...
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдаудың аяқталуына небәрі 1 апта қалды.
Оқу-ағарту министрлігі байқаудың шарттарын жариялады.
Талапкер нені білу керек?
Педагогикалық идеялар панорамасы байқауының өңірлік кезеңінен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Ең алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде ұсынылады. Ал педагогикалық идеяның бейнематериалы республикалық кезеңге өткен соң ғана сұралады.
Конкурс бағыттары
Байқаудың жеті түрлі бағыты бар. Атап айтқанда:
1. Оқу сауаттылығы
2. Математикалық сауаттылық
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
4. Цифрлық сауаттылық
5. Экологиялық сауаттылық
6. Мәдениетаралық сауаттылық
7. Қаржылық сауаттылық
Байқау талаптары
Басты талау...
Үкімет сағатында премьер-министр Олжас Бектенов жылыту нысандарында жөндеу жұмыстарын уақытынан кешіктіріп жатқан әкімдерді сынға алды.
Жаңғырту жұмыстары тым баяу
Бектеновтің айтуынша, солтүстік аймақтарда жылыту маусымы басталатын уақыт таяп қалды. Алайда, бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмаған. Мәселен, Ақмола облысындағы Степногорск жылу электр орталығындағы резервтік қазандықты жөндеу жұмыстары созылып кеткен.
Ал Маңғыстау облысында 2-ші жылу электр орталығында екі турбинаны жөндеу мерзімі шегерілген болса, Ақтау қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары тым баяу жүргізіліп жатыр.
«Мұндай мәселелер әр өңірде бар. Бұндай жағдайлар әкімдер тарапынан жоспарлаудың нашар болуы мен қатаң бақылаудың жоқ екенін...
16-17 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиев 100 жылдығына арналған ерекше музыкалық қойылымның әлемдік премьерасы өтеді.
«Qustar» – бұл жай ғана концерт емес, халық аспаптары мен заманауи симфониялық дыбыстарды тоғыстырған, жарық пен бейнелер арқылы еркіндік пен қайратты паш ететін 55 минуттық мультимедиялық шоу. Бағдарлама Нұрғиса Тілендиевтің мұрасына негізделіп, қазақ классиктерінің нақыл сөздерімен толықтырылған.
Жобаның бас продюсері Қайрат Құлбаевтың айтуынша, «Qustar» көрерменге музыкалық ләззат қана емес, сонымен қатар өзіндік музыкалық терапия сыйлауды көздейді.
Шоуға халықаралық деңгейдегі шығармашылық топ қатысады. Канадалық композитор Дмитрий Вареланың туындылары, Symphony Orchestra of India (SOI) Mumbai ұжымы, режиссер әрі хореограф Анна Верде, сондай-а...
30 тамызда Қазақстанда ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі — Конституция күні тойланады. Биыл мереке сенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан демалыс күні дүйсенбіге ауысады. Мемлекеттің тұрақтылығына құқықтық негіз беретін басты құжат Ата Заң екені белгілі. Олай болса, Kursiv Media осынау маңызды құжаттың қалай жазылғаны, қалай өзгергені туралы шолу ұсынады.
2025 жылы Конституция күнінде қазақстандықтар қалай демалады?
Айтқандай, биыл мереке сенбі күніне тұспа-тұс келіп тұр. Соған байланысты 30 тамыз күнгі демалыс сенбіден дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады. Яғни қыркүйектің бірінші жұмыс күні қазақстандықтар демалады.
Бес күндік жұмыстағылар қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс; Алты күндік жұмыстағылар...Ұлттық банк алтын сатып алу кезіндегі валюталық операциялар арқылы нарықтағы артық 1,7 трлн теңге «жұтып алды». Жыл соңына дейін операциялар көлемін 3 трлн теңгеге жеткізуді деген жоспар бар. Үкімет отырысында Ұлттық Банк Тимур Сүлейменов осылай баяндады.
Осы жылдың шілдесіндегі есеп бойынша, Қазақстан алтын сатып алу жағынан көш бастап тұр. Елдегі алтынды ең белсенді сатып алушы – Ұлттық Банк. Өткен айда алтын қорын 7,4 тоннаға арттырған.
Еске салайық, осы жылы қаңтардың ортасынан бастап Ұлттық банк өндірушілерден алтын сатып алып, айналымдағы теңге көлемін азайтуға бағытталған «айна механизмін» бастаған еді. Бұл инфляциямен күрес үшін арнайы жасалып отыр. Соңғы мәлімет...
Үкімет отырысында Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша әзірлерленген болжамды бюджет жоспары мақұлданды.
Министрлер кабинет аталмыш құжатқа дауыс беріп, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері әзірлеген 3 жылдық бюджет жоспарын бірауыздан қолдады.
Премьер-министр Олжас Бектенов бюджеттің теңдестірілгенін және презиеденттің барлық стратегиялық бастамаларын ескере отырып әзірленгенін айтты. Сонымен бірге бұл құжатқа сәйкес, экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығыстар да ұлғайтылатынын ескертіп өтті.
«Мұндай шығыстар осы жылмен салыстырғанда келесі жылы жалпы шығыстар құрамында шамамен 11%-дан 16%-ға дейінөсіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы ел үшін маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар, бизнесті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау шараларынан тұрады. Осы...
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі арқылы сусабын сатып, дау-дамайға қалды. Өнімін сатып алғандар наразылық білдіріп жатыр.
Ұтысқа қатысқандар сатып алған сусабынына қол жеткізе алмай жатқанын айтуда. Жапа-тармағай ақшасы төленген тауарын қалай алатынын сұрап, жеке парақшасына шығып жатыр. Айтуларынша, ұтыс өткізілген соң, ұйымдастырушылар нөмірлерін көтермей қойған.
Кейбіреулер сусабынның сапасына наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, Қытайдың 3 мың теңге тұратын дүниесін 13 мың теңгеден сатқан.
Тіпті, ұтысқа қатысқандар не сусабынды, не ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр. Тіпті, кейбір наразылар Гүлзира Айдарбекованың үстінен құзырлы орындарға шағым түсіретіндерін айтып жатқандар бар.
Айта кететін жайт, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова сусабын саудалап, ұтыс өткізген. Оған
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің алдында Яндекс такси көлігін бүлдірген 32 жастағы мектеп мұғаліміне қатысты істі қарады. Сот кабинеті жүйесіндегі сот қаулысына қарағанда, ол Қылмыстық кодекстің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабымен айыпталған.
«Айыпталушы 2025 жылғы 3 маусымда сағат 05:30 шамасында «Яндекс-GO» такси қызметін шақырған. Шақырылған мекен-жайға автокөлік келіп, алдыңғы жолаушы орынға айыпталушы, ал автокөліктің артыңғы жолаушылар орынға оның құрбысы отырған. Айыпталушы сыра ішкен. Ал құрбысы құсып, автокөліктің ішін былғаған. Такси жүргізушісімен жол ақысынан бөлек, автокөлікті тазалау үшін қосымша қаражат төлейтін болып келіскен», – делінген сот қаулысында.
Десе...
Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026-2028 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды. Алдағы екі жылда бюджетке қанша түсім түседі, жалақы мен зейнетақы қаншалықты өседі? Негізгі тұстарын ұсынамыз.
Қазынаға қанша қаржы түседі?
Қаржы министрлігінің есептеуінше, 2026 жылы бюджетке 23,1 трлн теңге, 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңге түсім түседі. Бұл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 12,6%-ын құрайды.
Тәкиев баяндамасында елдегі бюджет тапшылығын төмендетуге уәде берді. Оның сөзінше, 2026 жылы елдегі бюджет тапшылығы 2,5%, ал 2028 жылға қарай 0,9%-ға дейін төмендейді деген жоспар бар.
Айта кету керек, 2026 жылғы кірістер мен бюджет тапшылығын есепке алғанда...
2026 жылы инфляция 10%-дан артық көтерілмейді. Бұл туралы үкіметте өткен 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Инфляция болжамы 2026 жылы шамамен 10%-ды құрайды. Министр инфляцияның осы межеден аспайтынына сенімді. Ал 2027 және 2028 жылдары инфляция өсуін тоқтатып, төмендейді деп күтілуде. Бұл уақытта оның көлемі 6% деңгейіне түседі деп болжанады.
Сонымен бірге Жұманғарин 2026–2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамымен де бөлісті. Айтуынша, бұл құжат Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленген.
«Болжам Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемін айқындайды. Құжатта ұзақ мерзімді дамуды...
26 тамыз күні Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матч өтеді. Қазақстанның «Қайрат» клубы өз алаңында Шотландияның атақты «Селтик» командасын қабылдайды.
Ойынның тікелей трансляциясы сағат 21:45-те «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Глазгода өткен алғашқы кездесуде командалар жеңімпазды анықтай алмады — есеп 0:0 болды. Бұл нәтижеден кейін «Қайрат» өз алаңында шешуші сәтті пайдалануға мүмкіндік алып отыр.
Алматылық клуб бұған дейін іріктеу кезеңінде бірқатар қарсыластарын жарыстан шығарған. Олар Словенияның «Олимпиясын» қос матчтың қорытындысы бойынша 3:1 есебімен ұтты. Кейін Финляндияның КуПС командасын 3:2 есебімен жолдан тайдырды. Словакияның «Слованымен» өткен тартысты ойында негізгі уақытта 1:1 тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Егер «Қайрат...
Kursiv Resear 2025 жылдың алғашқы жартысында экспорты айтарлықтай артқан он тауарды ұсынады. Сол арқылы шетелде өнімнің нақты қай түрлеріне сұраныс жоғары екенін анықтауға болады.
Шетелде қай тауарға сұраныс жоғары
Экспорты жылдам өсіп келе жатқан тауарларды анықтау үшін биыл қаңтар-маусым айларында түсімі 25 млн доллардан асатын өнімдер іріктеліп, олардың ішінен былтырмен салыстырғанда нәтижесі жоғарысы таңдалды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында басқа да болат өнімдері экспорты 58,1 млн доллар, ал қуаты 5 МВт-тан асатын газ турбиналарының экспорты 25 млн доллар болды. Сонымен бірге, зергерлік бұйымдар экспорты 22 есе, жеңіл дистилляттар 15 есе өсті.
Экспорты жақсы көтеріліп келе жатқан тағы алты тауарды...
2026-2028 жылдар аралығында Қазақстан ЖІӨ-сі 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
«Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі болжам бойынша 5,4 %, 3 жылдағы орташа жылдық өсім – 5,3 %-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі», – деді Жұманғарин.
Экономиканың өсуіне нақты секторда және қызмет көрсету саласындағы өсім әсер етеді.
Министрдің айтуынша, өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобалар артып, ондағы өсім 2026 жылы 6,2 %-ды құраса, 2028 жылы...
Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды. Құжат тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралмауына бағытталған.
Осылайша, 15 қыркүйекте елімізде тұмауға қарсы вакцина салу басталады. Медициналық ұйымдарда дезинфекция режимі күшейтіледі.
Сондай-ақ 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіледі.
Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.
Балабақшаларда таңертең балалардың жағдайы тексеріледі. Сол кезде тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар балалар топтан оқшауланады.
«Жалпы білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылар арасында 20-дан 30%-на дейін ЖРВИ ауруы тіркелген...
Отбасы банктің Астанаға көшуіне 2025 жылы 24 мамырда Ұлттық даму институты деген статус алуы себеп болды. Кеңсені ауыстыру үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған. Қаржы ұйымы Kursiv Media-ның сауалына осылай жауап қайтарды.
Ұлттық даму институты қалай жұмыс істейді?
Банктің түсіндіруінше, ұлттық даму институтын деген статус алғаннан кейін қаржы ұйымы кезекке тұрғандарға баспананы бөліп беріп, есепке алып, тіркей алады. Қазақстандағы тұрғын үй саясатының аясында мемлекеттік ведомстволармен тиімді байланысу үшін Орталық аппаратты астанаға көшіру туралы шешім қабылданған.
«Халықаралық практика көрсеткендей көптеген елдерде ұлттық даму институты мен мемлекеттік банктер астанада, мемлекеттік органдардың жанында орналасады...
Instagram әлеуметтік желісінде онлайн сауда бойынша курс сатқан бизнес-коуч 5 жылға сотталды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, сотталған қылмыскер, көпшілікке өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырған. Солайша астаналықтарды әлеуметтік желі арқылы өзінің курстарын сатып алуға шақырған. Ал оқу аяқталған соң, көтерме бағамен тауар алып беруге уәде етіп, тәлімгерлерінен қаражат жинаған.
Коуч астаналықтарды тұрмыстық техниканы арзан бағада алып, үстінен 10% көлемінде табыс табатынына сендірген. Бірақ бұл уәдесін орындамай, клиенттермен байланысын үзген.
Прокурорлар қылмыскердің алаяқтық жолмен 50 млн теңгеден астам сомаға залал келтіргенін дәлелдеген.
«Сот...
Илон Масктың xAI және X компаниялары Apple мен OpenAI-ға қарсы сотқа арыз түсірді. Оларды өзара сөз байласып, бәсекелестік заңын бұзды деп айыптап отыр.
Grok чат-ботын әзірлеуші xAI Техас Солтүстік округінің сотына арыз жіберген. Маск iPhone-нің операциялық жүйесіне OpenAI әзірлеген ChatGPT қосымшасын енгізуі еркін бәсекелестікті әлсіретіп, тұтынушыларды таңдау құқығынан айырады деп есептейді.
Арызда Apple-дің App Store-дағы қосымшасының және ChatGPT-мен бәсекелес басқа да чат-боттардың рейтингісіне манипуляция жасады деп те жазылған.
Бұған дейін Маск Apple ChatGPT-ден басқа кез келген жасанды интеллект қосымшасын өз рейтингінде бірінші орынға шығуға мүмкін еместей етті деп айыптаған еді.
«Apple өз әрекетімен...