Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы қазақша баяндама жасады. Премьер-министр Олжас Бектенов Коняшкиннің қазақшасына жақсы баға берді.
«Қазақша жақсы баяндадыңыз, дұрыс осылай үйрену керек, отырыңыз», – деді ол.
Ростислав Коняшкин Көлік министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірге көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекіткенін баяндады. Құжатта негізгі мақсаттар бекітілген:
2027 жылға дейін 10 халықаралық әуежайда биометриялық сәйкестендіруді іске қосу...