Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясы (АЭС) құрылысына қанша қаржы кететіні әзірге белгісіз. Жоба шамамен 14 млрд долларға бағаланып отыр. Үкімет брифингінде вице-премьер Роман Скляр АЭС құрылысы ел бюджетіне салмақ салмайды деп мәлімдеді.
Склярдың айтуынша, станцияның технико-экономикалық негіздемесі (ТЭН) 2025 жылдың желтоқсанына дейін дайын болады. Ал жоба-сметалық құжаттар кейінірек ұсынылады.
«14 млрд доллар деген – алғашқы баға. Бұл сома ТЭН жасалғаннан кейін, нақтыланатын болады», – деді Роман Скляр.
АЭС құрылысын ресейлік «Росатом» қолға алады. Склярдың айтуынша, бұл мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмейтін, толықтай коммерциялық жоба болмақ. Яғни, ел қазынасынан субсидия не дотация бөлінбейді. Жоба...