Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғыны қызын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облысы полициясы хабарлады.
«Туыстарының бірі полицияға 15 жастағы қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлаған. Полиция оқиға орнынан мас күдіктіні ұстады, үйден қылмыс құралы тәркіленді», – деп хабарлады полиция.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Өзін отбасының туысымын деп таныстырған Әсел Сағатова есімді желі қолданушысының жазуынша, қайғылы жағдай 10 қарашада болған. Әкесі кешкісін мас болып келіп, тамақ істеп жүрген қызымен сөзге...