Ақтөбе облысында контрабандалық жолмен 8 млрд теңгенің мұнай өнімдерінің ұрланғаны анықталды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.
Тінту кезінде қосымша 400 тонна мұнай өнімі, атыс және газ қарулары мен заңбұзушылықтарды растайтын құжаттар табылған.
«Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексерілуде. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған«,– делінген ведомтво хабарламасында.
Қазан айында шекара маңындағы теміржол бекеттерінің бірінде аталған компанияға тиесіл...