Мәжілісте қылмыстық іс жүргізу кодексіне толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатыр. Атап айтқанда, құжат медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы медицина қызметкерлері немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне күш көрсету фактілері үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді.
Әйтсе де, депутат Абзал Құспан дәрігерлер мен науқастардың арасындағы қарым-қатынасты қылмыстандыруға қарсы екенін айтады.
«Медиктерді арнайы субъект ретінде тануға мен қарсымын. Мына күйінде заң қабылданбауы керек. Себебі біз Қылмыстық кодекстің құрылымын қатты бұзып алдық. Бұл мемлекеттік басқаруға байланысты бөлімде тұр. Жалпы және ерекше бөлім бар. Ерекше бөлім 18 тараудан тұрады. Біздің келіспей отырғанымыз – қорқыту жайттары...