«Қазгидромет» 13 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
Алматыда да күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
Шымкентте де тура сондай. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтауда күн ашық. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +28…+30°C.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +27…+29°C.
Жезқазғанда жауын жаумайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.
Қарағандыда да күн ашы...