Бұрын Назарбаевтар әулеті тұрған Шамалған ауылындағы жер телімі электронды сауда алаңында 217 млн теңгеге сатылды.
Электрондық сауда алаңының мәліметінше, №30 жер телімінің аумағы — 4,5 мың гектар. Ол қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған. Бұл жер Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болған. Жер телімі тау баурайында орналасқан. БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға сенсек, бұл учаске бұрын «Алмалы» холдингіне тиесілі болған, оның құрылтайшысы Қайрат Боранбаев.
Нысанға бағалау 18 маусымда Sarzhan Invest Group компаниясы тарапынан жүргізілген. Компанияның есеп баяндамасында бағалаушыға мынадай құжаттар ұсынылғаны көрсетілген:
2007 жылғы жер телімін сатып алу-сату шарты; 2021 жылғы жер теліміне берілген акт; 2024 жылғы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар...