Қаржы министрі Мәди Такиев Kursiv.Media журналисіне тойдан миллиондап табатын әншілердің табысын арнайы органдар қалай анықтайтынын түсіндірді.
Журналист пен министр арасындағы әңгімесі төмендегідей өрбіді:
– Сіз жаңа әншілердің салық төлейтінін айттыңыз. Бірақ, шын мәнінде, олар гонорарды қолма қол ақшамен алатынын білесіз бе?
– Иә.
– Сонда сіздер қай әншінің қай тойда жүргенін, миллиондап ақша алып жатқанын қалай білесіздер? Қаншалықты бақылайсыздар?
– Оны қалай бақылауға болатынына қатысты жалпы бірнеше тәсіл бар. Мысалы, біз тойды кім жасап жатқанын білеміз, хронометраж бар бізде. Сол арқылы салық органдары біледі.
Екіншіден, әнші (гонорарды) қолма-қол ақшамен алған соң оны бір жаққа жұмсауы керек қой. Үлкен үй, машина...