Петропавлда ақын, ойшыл, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың есімін иеленген елдегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды, деп хабарлады Үкімет сайты.
Хабарламада жаңа орталық тек тарихи мұраны жаңғырту орны ғана емес, ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, халықаралық диалогтар мен шығармашылық жобалар жүзеге асатын заманауи зияткерлік кеңістік болатыны айтылған.
Салтанатты шараға қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев тарихи тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз ғана емес, ол – тәуелсіздіктің рухани тірегі, ұлттық сана-сезімнің берік іргетасы екенін атап өтті.
«Мағжан Жұмабаев сияқты бірегей тұлғаға арналған орталықтың ашылуы – бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Мағжан: «Мен жастарға сенемін» деді. Бүгінде оның «Батыр...