Германияда жаңа тіркелген автокөліктердің 29 пайызы электромобиль. Биылғы бірінші тоқсанда ай сайын орта есеппен 82 мың таза электр көлігі сатылып, жалпы құны 3,4 миллиард еуроға жеткен. Мұндай деректі KfW Research зерттеушілері ұсынған.
Экспорт құны импорт құнынан бес есе асып кеткен.
KfW Energy Transition Barometer деректеріне сәйкес, сұралған үй шаруашылықтарының шамамен жартысы (49 пайыз) электр көлігін пайдалануға дайын екенін білдірген. Олардың 10 пайызы қазірдің өзінде электрлі көлік иесі.
Елде тұтынушылардың электр көліктеріне деген көзқарасы қатты өзгергені атап өтілген. Таңдау жасауда ойландыратын негізгі фактор әлі де баға болып отыр. Оның үлесі 59 пайыз шамасында. Ал зарядтау инфрақұрылымына қатысты алаңдаушылық бес жыл...