Талапқа сай емес шаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ол мал шаруашылығын жүргізудің талаптары қойылғанын айтты. Ол орындалмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ. Оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар.
«Мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алу, жеңілдетілген несе беру, малшылардың балаларына білім грандтарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген. Ауыл шаруашылығында терең өңдеу саласын дамыту – маңызды баптардың бірі», – деді премьер-министр.
Оның айтуынша, биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк