Алтын өндіруші Solidcore Resources компаниясы Астанадағы жаңа бас кеңсесі болатын «Muscat Tower» бизнес-орталығының құрылысын бастайтынын хабарлады. Бұл ауқымды жоба туралы Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары қарсаңында белгілі болды, деп жазады экономист Арман Батаев.
Инвестициялық жоба қаржысының 85%-ын Оманның мемлекеттік қоры қамтамасыз етеді. Қалған 15%-ын Solidcore компаниясы өз мойнына алады. Айта кету керек, Оманның мемлекеттік инвесторы – «Maaden International Investment» қоры арқылы компания акцияларының 31,7%-ына иелік етеді.
Елордадағы жаңа заманауи кешен
Жалпы ауданы 18 000 шаршы метрден асатын тоғыз қабатты ғимарат елорданың жаңадан дамып...