Алматы соты «Asar Baspana» тұтынушылық кооперативі атымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға үкім шығарды. Бас ұйымдастырушы 8 жылға бас бостандығынан айырылса, істің кейбір фигуранттарына шартты жазаға тағайындалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар айында Т. есімді азамат «Asar Baspana» кооперативінің бағдарламалары арқылы ақша тартудың заңсыз схемасын ойлап тапқан. Адамдарға жобаға қатысу арқылы табыс табуға, сондай-ақ баспана мен автокөлік сатып алуға болады деп уәде берген.
Схеманың ауқымын кеңейту үшін ұйымдастырушы Қазақстанның түрлі қалаларында аймақтық офистер ашып, жиындар мен онлайн-кездесулер өткізген. Кейінірек бұл қызметке өзге тұлғалар тартылған. Олар жаңа салымшыларды іздеумен, ақша қабылдаумен және...