Франциядағы оқушылар наразылығы әлі де тоқтаған жоқ. Шерулерге байланысты мыңдаған адам ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ел үкіметі жаппай наразылық болып жатқан кезде мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екенін мәлімдеп, уақытша жапты. Өткен аптада тәртіпсіздіктер салдарынан 20-дан астам мектеп өртеніп тоналған. Ереуілдер кезінде 170 оқушы мен 78 мұғалім жарақат алды. Полиция 5 000-нан астам адамды ұстады, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.
Оқушылар неге наразылық білдіріп жатыр?
Жоғары сынып оқушылары мектеп жүйесіндегі мәселелерге қарсы шығып жатыр. Олардың басты талабы – білім саласына бөлінетін қаржы азаймауы керек. Жасөспірімдер осы үнемдеудің кесірінен мұғалімдер жетіспейді, сабақ уақыты ұзарған, сыныптар нашар жабдықталған...