Freedom Holding Corp. бас директоры әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов AI&Digital Bridge форумында компания болашақта жасанды интеллект инвестиция, сақтандыру сатып алу, тур мен әуе билетін брондау, сондай-ақ виза алу сияқты қызметтерді таңдап бере алады деп үміттенетінін мәлімдеді.
«ЖИ қызметінің кеңейгенін қалаймыз. Инвестициялар, сақтандыру, электрондық коммерцияның барлық өнімдері, мүмкін тіпті кейбір тур мен рейстер брондалса дейміз. ЖИ-агент дәл сіз үшін пайдалы әрі тиімді болатын ұсыныстарды бере алуы тиіс», – деді ол.
Оның айтуынша, Freedom түрлі қызметтерді көрсету сапасын жақсарту үшін өз суперқосымшасына ЖИ-ассистентті енгізбек. Бастапқы нәтижелер Тимур Турловты қазірдің өзінде қуантып отыр.