«Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілету талабы тек ірі супермаркеттерге ғана емес, танымал онлайн-платформалар мен маркетплейстерге де қойылады.
Онлайн-саудадағы басымдық
Сауда және интеграция министрлігі дайындаған жаңа заңнамалық түзетулерге сәйкес, электронды коммерция алаңдары (маркетплейстер) үшін мынадай міндеттер енгізіледі:
Қазақстандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде алғашқы қатарда (басымдықпен) көрсету; Сайттар мен қосымшаларда «Қазақстанда жасалған» атты арнайы бөлімдер ашу.Министрдің міндетін атқарушы Айжан Бижанованың айтуынша, бұл шаралар отандық өндірушілердің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
«Алтын сөре» қағидаты
Дәстүрлі сауда нүктелеріндегі талаптар да қатая түспек. Қазіргі заң бойынша дүкен сөрелерінің кемінде 30%-ы отандық тауарларға тиесілі болуы керек. Ал «Даму» қорының бағдарламаларымен бұл көрсеткіш 50%-ға дейін жетуі мүмкін.