Жастарды қоғамдық орындардан әскерге күштеп алып кетуге қарсы шыққан бір топ азаматтың үндеуіне Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.
«Мен ол видеоны көрген жоқпын. Дегенмен біз барлық әскерге шақырылатын адамдарды олай әкетіп жатқан жоқпыз», – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков.
Оның айтуынша, қазір әскерге шақыру рәсімі заңнамаға сәйкес электронды форматта жүргізіледі.
«Өйткені заң бойынша электронды шақыру бар, соны жібереміз», – деді министрлік өкілі.
Мұстабековтің сөзінше, шақырту бірнеше рет жіберілгенімен азамат келмеген жағдайда ғана тиісті шара қолданылады.
«Үш мәрте жіберіп, алайда азамат келмеген...