Қарағандыда полиция пунктінде жалаңаш күйінде денесі табылған әйелдің өлімі және учаскелік полиция инспекторының улануына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Бұл туралы «Патриот» редакциясы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Оқиғаның мән-жайы
Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінен әйелдің мәйіті 2025 жылдың 1 қазанында табылды. Сол кезде оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
Артынша Қарағанды қаласы полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірқатар басшылық құрамына қатаң тәртіптік жаза қолданылды.
Содан кейін ер адам ауруханадан шыққаны хабарланды. Инспектор есін жиғаннан кейін жұмыстан босатылып, оған Қылмыстық кодекстің 370-бабы – «Қызмет бойынша әрекетсіздік, ауыр зардаптарға әкеп соққан...