Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы финалда жарыс қожайыны, жапониялық Мицуки Кондомен алтын медаль үшін белдесті. Шешуші кездесуде Кондо жеңіске жетіп, Әбибаға күміс жүлде бұйырды.
Әбужақынова Азия ойындарын ширек финалдан бастады. Ол алғашқы белдесуінде үндістандық Асмита Дейді небәрі 25 секундта иппонмен жеңді. Жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Чэнь-Хаодан басым түсіп, финалға жолдама алған еді.
Осылайша Әбиба Әбужақынова қатарынан екінші Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының финалында да Жапония өкілі Нацуми Цунодаға есе...