Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сталкингтің және мәжбүрлі некелердің алдын алуға арналған дөңгелек үстелде қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген қыз алып қашу тақырыбына қатысты пікір білдірді.
Айтуынша, қызды мәжбүрлі түрде алып қашу мен жастардың өзара келісіміне негізделген дәстүрлерді шатастырмау керек.
«Бүгін біз қызды еркіне қарсы алып қашу мәселесін талқылап отырмыз. Мүның қазақтың жақсы, ізгі дәстүрімен ешқандай байланысы жоқ», – деді ол.
Ластаев мемлекет пен құқық қорғау институттарының назары тек адамның еркінен тыс немесе қысыммен жасалатын мәжбүрлі неке фактілеріне ғана аударылғанын айтты.
Оның сөзінше, дәл осындай жағдайларға құқықтық баға беріліп, азаматтарды қорғау шараларын арттыру...