Жаңа Салық кодексіне сәйкес жұмыс істейтін мүгедектігі бар азаматтар үшін жеке табыс салығы бойынша шегерім мөлшері ұлғайтылды. Бұл туралы салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында айтылды.
Не өзгерді
Аталмыш жиынға премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен.
«Сонымен қатар алғаш рет Салық кодексіне мүгедектік тобына байланысты ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімін саралау нормасы енгізілді. Егер бұрын жұмыс істейтін мүгедектігі бар адам үшін шегерімнің жалпы шегі 882 АЕК болса, жаңа түзетуде бұл шама үшінші топтағы мүгедектік үшін сақталған. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкер үшін шегерім мөлшері 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды...