Жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесінің жұмыс істемеуіне кінәлі шенеуніктер сотталды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасынан хабарлайды.
Қылмыстық жағдай былтыр Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты. Еске салсақ, 2024 жылы 23 қаңтарда Алматыда жер асты дүмпулері сезілді. Бірақ ол жайлы халыққа дер кезінде хабарланбады. Оған дейін сатып алынған автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі (ААЕЖ) дұрыс жұмыс істемеді.
Осыдан кейін прокуратура Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметіне тексеру бастады.
«Тергеу барысында «TNS-INTEC» ЖШС бас директорының жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдықты жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдегені және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды...