Қарағанды облысының әкімдігінде Freedom Holding Corp әзірлеген Балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи футбол академиясын салу жобасының тұсаукесері өтті. Freedom Holding Corp акционері, Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов 2028 жылы қолданысқа берілетін академияның жоспарын аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа таныстырды.
Жоба құны қанша
Академия құрылысына бөлінген жер телімі 9 гектардан, жалпы құрылыс ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Жоба толығымен Freedom Holding Corp. компаниясының қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс құны 11–12 млрд теңге шамасында бағаланып отыр.
Тимур Турловтың айтуынша, мұнда балалар кәсіби спорттың машықтарын үйреніп қана қоймай, сапалы білім де алып шығауға болады. Ол үшін барлық жағдай жасалған.