Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. «Қазгидромет» 31 қазанға ауа райым болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр, жел екпіні 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +2+4°C, күндіз +13+15°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +7+9°C, күндіз +19+21°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с, түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +22+24°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +10+12°C, күндіз +15+17°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +4+6°C, күндіз +7+9°C. Атырауда көшпелі бұлт, жаңбыр, жел 2-7 м/с., ауа температурасы түнде +6+8°C, күндіз +11+13°C. Жезқазғанда көшпелі бұлт, жаңбыр, жел...Жаңалықтар
Ақтөбеде әкесінің көлігімен рұқсат айдап кетуді шешкен жасөспірім жол апатына түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы HALYQSTAN Telegram-арнасы жазды.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға «Бауырластар» тұрғын ауданында болған. Сегізінші сынып оқушысы көлікке ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, жарақаттан қайтыс болды.
Бір қызығы, полицияның мәліметінше, бұл соңғы екі айдағы осы аудандағы екінші жағдай болған. Бұған дейін, 2 қыркүйекте Әлімхан Ермек көшесінде ата-анасының рұқсатынсыз Mitsubishi Сarisma көлігін басқарған 16 жасар жасөспірім жол апатынан қайтыс болған.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаға байланысты ересектердің кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттерін бақылау қажеттілігін еске салды.
Жыл басынан бері облыс аумағында 1632 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соны...
Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алтын қорын 18 тоннаға ұлғайта отырып, әлемдегі орталық банктер арасында ірі алтын сатып алушы болды. Жыл басынан бері сатып алу бойынша Польшадан кейін екінші орынға шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
World Gold Council (WGC) ақпаратына сүйенсек, елдіңалтын резервтері үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша 324 тоннаға дейін өсті. Жыл басынан бері ҚР Ұлттық Банкі 40 тонна таза алтын сатып алды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Польшадан кейін екінші орында тұр. Польшаның Ұлттық Банкі 67 тонна алтын сатып алды. Бірақ олар мамыр айынан бастап сауда-саттыққа қатыспады.
Әлемнің орталық банктерінде алтынға деген сұраныс жыл басынан бері соңғы...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, клубтың 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионын аралап көрді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді. Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік спорт кешенінде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар. Кешенге келген президент клуб ойыншылармен әңгіме дүкен құрған.
««Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы...
67 жасқа қараған шағында белгілі журналист, жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы хабарлады.
«Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұраттың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысы Қосшағыл ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жылдар аралығында қазіргі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1983-1990 жылдар аралығында «Білім және еңбек» журналында әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Горизонт»-«Өркен» газетінде редактордың орынбасары, «Жалын...
Ерлер үстемдік құрған саясат әлемінде әйелдің билік басына келуі – жаһан назарын аудартатын жайт. Жақында Жапония премьер-министрі болып сайланған Санаэ Такаичи – ел тарихында осы лауазымға ие болған тұңғыш әйел. Есімі тарихта қалатыны сөзсіз.
Дегенмен бұл жайт елдегі әйелдердің жағдайына жағымды әсер ете ала ма? Васэда университетіндегі зерттеуші Питер Чайдың пікірінше, бұл жаңалық Жапонияда гендерлік теңдік орнату жолында айтарлықтай өзгерістің болатынын білдірмейді.
Әйел келсе билікке
Такаичи ханымның саяси көзқарасы мен басшылық ұстанымы – елдің бұрынғы премьер-министрі, марқұм Синдзо Абэнікіне көп ұқсайды (Такаичи Абэнің шәкірті саналады). Ұстазы Абэ сияқты, Такаичи де сөз жүзінде қызметтегі әйелдердің құқықтарын...
Америкалық J.D. Power агенттігінің Қытайдағы бөлімшесі 2025 жылғы ең сенімді әрі мықты бензинмен жүретін көліктерді атады. Тізімге қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне жақсы таныс брендтер мен модельдер кірген. Қытайлық көліктер арасында Chery көшбасшы атанды.
J.D. Power China 16 жыл бойы бензинмен жүретін көліктерге зерттеу жүргізіп келеді. Сарапшылар жаңадан сатып алынған автоларға назар аударып, оларды 1 жылдан 4 жылға дейін зерттейді. Көлік иелері арасында қозғалтқыш пен беріліс қорабындағы ақаулар, ішкі және сыртқы ақаулар, электроника және функциялардың өнімділігі сияқты 177 мәселе бойынша сауалнама жүргізеді.
Зерттеу Қытайдың 81 қаласында 2021 жылдың ақпанынан 2024 жылдың маусымына дейін сатып алынған 22 900 көлікті қамтыды. Сарапшылар...
Қазақстанда суицидке бейім жағдайлар кезінде көмек көрсету бойынша медициналық хаттама әлі күнге дейін әзірленбеген. Ал мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Бұл туралы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі Ләззат Жамалиева мәлімдеді.
Депрессияға қатысты статистика шынайы көрсетілмейді, ал суицидке қатысты хаттама жоқ
Ләззат Жамалиеваның айтуынша, Қазақстанда депрессияны анықтау кенжелеп келеді, яғни, дәрігерлер ауруды ерте кезеңінде танымауы мүмкін.
«Депрессияның гиподиагностикасы бар. Бұл – Қазақстандағы проблема. Бірақ бұл тек біздің елге ғана тән емес. Бұл ұйымдастырушылық мәселе, оны жүйелі түрде шешу қажет», – деді сарапшы.
Бұған бірнеше себеп бар. Пациент тарапынан...
Премьер-министр Олжас Бектенов инвестиция тарту қарқыны төмен өңірлердің әкімдеріне өз орынбасарларынан талап қоюды тапсырды.
Үкімет дерегінше, Астана қаласы мен Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту жоспарын орындау бойынша көш бастап келеді.
Ал Қарағанды, Атырау, Ұлытау және Абай облыстары белгіленген межеден артта қалып отыр. Бұл аймақтардағы көрсеткіштер ел бойынша орташа деңгейден төмен.
Бектеновтың айтуынша, инвестиция тарту – өңір экономикасының өсуіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан әкімдер бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, жауапты орынбасарлардың жеке жауапкершілігін арттыруы тиіс.
3 қарашадан бастап «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталады деп хабарлады «Отбасы банк».
Бұл жолғы қабылдауға көктемгі іріктеуден өтпеген азаматтар да қатыса алады.
Басты шарты – соңғы бес жылда өтінім берушінің және оның отбасы мүшелерінің атына тіркелген тұрғын үй болмауы.
Ипотеканың негізгі шарттары:
Бастапқы жарна:
таза әрлеудегі жаңа тұрғын үйге – 10%-дан бастап екінші деңгейлі тұрғын үйге – 20%-дан бастапСыйақы мөлшерлемесі:
әлеуметтік осал топтар үшін – 7% басқа азаматтар үшін – 9% Несиенің мерзімі: 19 жылға дейінҚарыз сомасы:
өңірлерде – 30 миллион теңгеге дейін Астана мен Алматыда – 36 миллион теңгеге дейінБағдарламаға қатысу үшін «Отбасы банкінде» кемінде 2 миллион теңге көлемінде...
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті. Президент аймақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Десе де бірқатар мәселеге де назар аударып, пікірімен бөлісті.
Тоқаев ең алдымен дүние жүзіндегі ахуал күрделі екенін еске салды.
«Әлемдегі жағдай бұлыңғыр, құбылмалы. Сондықтан, ең алдымен, жастарға көңіл аудару қажет. Жастарымыз – дарынды, қабілетті. Оларға дұрыс бағдар көрсетіп, жақсы тәрбие, тәлім беру маңызды. Қазіргі заманда есірткі, нашақорлық секілді сын-қатерлер аз емес. Жастардың болашағы – білімде. Ойы ұшқыр, көкірегі ояу, көзі ашық жастар – біздің келешегіміз. Бәріміз бір ұлт болып, ел үшін, халық үшін жұмыс...
Қазақстанда бизнестің салықтық жүктемесін бағалау тәсілі жаңарады. 2026 жылдан бастап салық органдары жүктеме коэффициентін жаңа әдістеме бойынша есептейтін болады. Бұл көрсеткіш компаниялардың бюджетке төлейтін нақты салық көлемін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.
Finratings.kz мәліметінше, өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы №620 бұйрығымен бекітілген.
Коэффициент нені көрсетеді
Салық жүктемесінің коэффициенті – белгілі бір салық төлеушінің (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) табысына түсетін салықтық ауыртпалықтың деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
Қарапайым тілмен айтқанда, ол компания табысының қанша бөлігін мемлекетке салық пен алым түрінде төлейтінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш салық органдарына:
– бизнестің адалдығын бағалауға,
– күмән тудыратын төмен төлемдерді анықтауға,
– бір саланың ішіндегі компанияларды салыстыруға...
Аритмология – жүректің қатты не баяу соғуын зерттейтін әрі емдейтін сала. Мұны медицинада аритмия не жүрек ырғағы бұзылуы деп атайды. Алайда елде қанша адамның бұл аурумен ауыратыны белгісіз, себебі статистикасы дұрыс жүргізілмейді. Кей адам ауру туралы инсульт алған кезде бір-ақ біледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аритмологі Аян Әбдірахманов айтты.
Kursiv.Media тілшісі маманнан жүрек ырғағы не себепті бұзылатынын, жүрекке қойылатын аппараттың қанша жылға жарамды екенін сұрады.
– Аян Сүлейменұлы, елде жүрек ырғағы бұзылған деген есепте қанша адам тұр?
– Қазақстанда жүрек ырғағы бұзылғандардың статистикасы нашар жүргізіледі. Жүрек ауруымен ауыратын әр үшінші адамның жүрек ырғағы...
Қазақстандағы ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.
Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар 4883 шақырымды қамтитын 26 ақылы автожол учаскесі пайдалануға берілген.
«2025 жылдың тоғыз айында ақылы жолдардан 62 миллиард теңге түсті. Бұл қаражат толықтай осы учаскелерді күтіп-ұстауға және техникалық паркті жаңартуға бағытталады», – деді Иманашев.
Оның айтуынша, республикалық маңызы бар автожолдар желісінде шамамен 1500 жол бойы қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Олардың 93%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілген.
«Жол пайдаланушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 жаңа санитарлық-гигиеналық модуль орнатылды. Онда жылы дәретханалар, шағын дүкендер мен кафетерийлер...
Осы апта теңге нығайып, доллар 530 теңгеге дейін арзандады. Алайда экономист Арман Батаев сарапшылар теңгенің нығаюы тұрақты емес, бір реттік құбылыс екенін айтады.
«Қазір байқалып отырған тұрақтылық – уақыт ұту мүмкіндігі. Үкімет пен қаржы секторы осы кезеңді тиімді пайдаланып, жаңа табыс көздерін: өңдеу өнеркәсібі мен шыкізаттың емес экспортты дамыта алса, теңге тұрақтылығын ұзақмерзімді деңгейге шығару мүмкіндігі бар. Әйтпесе, теңгеннің қазіргі курсы уақытша жеңіс болып қала береді», – деп жазады ол.
Теңге неге нығайды?
Сарапшының айтуынша, соңғы уақытта теңгенің күшеюіне бірнеше уақытша фактор әсер етті: мемлекеттік институттардың валюта...
Қазақстанда Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалы ашылады. Жаңа оқу орны ІІМ Басқару академиясы базасында болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен хабарлады.
Оқу орны базасында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа кездесті.
«Жиында Қазақстанда NFSU филиалын құру мәселелері талқыланды. Оның мақсаты – еліміздің құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика, сот сараптамасы және қолданбалы қылмыстық тергеу салаларында жоғары білікті мамандар дайындау», – деп жазылған министрлік хабарламасында.
ІІМ Академиясы базасындағы NFSU түлектеріне қос елдің дипломы беріледі.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры Мақсат Жақауов қазіргі таңда студенттердің 43%-ы депрессиялық күйде жүргенін айтты.
Университет өкілі бұл жағдайды қалыпты деп бағалап отыр. Себебі студенттік өмір үнемі психологиялық қысымға толы кезең. Әсіресе, ҚазҰПУ-де білім алушылардың 85%-дан астамы өзге өңірлерден келген жастар. Олар үйреншікті, жайлы ортасынан шығып, бейтаныс қалаға қоныс аударады. Жаңа орта, жаңа ережелер мен жауапкершілік, мұның бәрі психологиялық күйзелісті күшейте түседі.
«Көп жағдайда бұл бакалавриат деңгейіндегі студенттерге тән. Алайда 43% көрсеткіші барлық студентке ортақ емес. Бұл – нақты бір уақытта 800-1500 студент арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі», – деді Жақауов.
Жақауов бұл көрсеткіш алаңдаушылы...
Қазақстан салық міндеттемелерін орындамаған шетелдік онлайн-дүкендерге қатысты жаңа шара енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті өзгерістер күшіне енсе, мұндай платформалардың сайттары ел аумағында бұғатталуы мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МҚК) түсіндіруінше, бұл шешімнің себебі – шетелдік компаниялардың Қазақстанда банк шотының болмауы. Сол себепті оларға ақшалай айыппұл салу мүмкін емес, ал интернет арқылы шектеу қою – қолда бар тетіктердің бірі.
«Бұл интернет алаңдары арқылы тауар не қызмет ұсынатын шетелдік компанияларға қатысты. Қазақстандықтар үшін бұл өзгеріс әсер етпейді. Егер компаниялар тіркеліп, 16 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме бойынша салық төлеп отырса, қызметін жалғастыра алады. Ал төлемей немесе тіркелмей жатса, интернет...
Сенатор Руслан Рүстемов балабақшаларда, мектептер мен жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту тәсілін жаңартуды ұсынды.
Рүстемовтің айтуынша, қазіргі бағдарламалар оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларының дамуын толық ескермейді. Грамматика тереңдетілмей оқытылады, ал тақырыптар «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша қайталанып, жүйелі түрде бекітілмейді.
Сонымен қатар сенатор жоғары оқу орындары үшін біртұтас стандарттың жоқтығына назар аударды: әр университет «Филология» мамандығы бойынша бағдарламасын өз бетінше әзірлейді.
Осыған байланысты ол бүкіл елге ортақ бағдарлама әзірлеуді және қазақ тілін кәсіби пән ретінде барлық бағыттағы студенттерге, соның ішінде қазақ тілінде білім алатын топтарға да, міндетті түрде оқытуды ұсынды.
Дүниежүзілік банктің Commodity Markets Outlook атты жаңа есебіне сәйкес, әлемдік шикізат бағасы 2026 жылы қатты арзандауы мүмкін. Бұл қатарынан төртінші жыл жалғасып жатқан құлдырау болмақ.
2025 және 2026 жылдары баға орта есеппен 7%-ға төмендейді деп болжанып отыр. Бұған әлемдік экономиканың баяулауы, мұнай қорының көбейіп кетуі және саясаттағы белгісіздік әсер еткен.
Энергия бағасының арзандауы әлемдегі инфляцияны азайтып жатыр. Ал күріш пен бидайдың арзандауы кейбір дамушы елдерде азық-түлік қолжетімді бола түсуіне көмектескен. Дегенмен, бағалар әлі де пандемияға дейінгі деңгейден жоғары. 2025 жылы олар 2019 жылмен салыстырғанда 23%-ға, ал 2026 жылы 14%-ға жоғары болады деп күтіледі.
Париж полициясы Луврдағы тонау ісі бойынша бес адамды қамауға алды. Париж прокуроры Лора Бекконың айтуынша, олардың арасында тонауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам бар.
Қылмыс орнынан оның ДНҚ ізі табылған. Қалған күдіктілер, тергеуге маңызды ақпарат беруі мүмкін, бірақ олардың тонау кезіндегі нақты рөлі әзірге жария етілмеген.
«Қазір олардың кім екені туралы айтуға әлі ерте», – деп атап өтті прокурор.
Осыған дейін Луврдағы зергерлік бұйымдарын ұрлады деген екі күдікті тұтқындалған. Полиция оларды да ДНҚ ізі арқылы тапты.
Еске салайық, 19 қазанда Лувр мұражайында ұрлық жасалды. Бетперде киген адамдар жеті минуттың ішінде Наполеон Бонапарт пен француз монархтарына тиесілі асыл тастар...
Қазақстан нарығына EXEED-тің жаңа гибридті кроссовері келді. Бұл туралы Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін EXEED брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы хабарлады. EXEED RX PHEV кроссоверінің құны да белгілі болды, жаңа модель 22 990 000 теңге төңірегінде болады.
Бұл – EXEED брендінің еліміздегі алғашқы гибридті моделі. Жаңа көлік компанияның заманауи, экологиялық әрі энергия үнемдеуші технологияларға бет бұрғанының белгісі болды.
EXEED RX PHEV несімен ерекшеленеді
RX PHEV қуат пен энергия тиімділігін біріктіретін инновациялық T2X Super Hybrid платформасында құрастырылған. Қуат қондырғысы 1,5 литрлік TGDI қозғалтқышын, үш сатылы DHT трансмиссиясын және M3P аккумуляторын қамтиды, бұл жалпы 395 кВт қуат пен 650 Н·м...
Қазақстанда автокөліктер саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері де көбейген. Ресми статистикаға сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда жалпы саны 15,1 млн әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылдан 37,8%-ға көп. Мұндай өсім жолдағы бақылаудың күшеюі мен автоматтандырылған бейнебақылау жүйелерінің дамуына байланысты дейді сарапшылар.
Kursiv.Media тілшісі Қазақстанда жүргізушілер жиі жіберетін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері және олардың салдарын қарастырып көрді.
Жылдамдық режимін бұзу
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінше, бұл жолдағы ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың бірі. Әсіресе қаладан тыс тас жолдарда жүргізушілер жылдамдық белгіленген межеден асыратыны жасырын емес.
Жоғары жылдамдық апат қаупін...
Ресейлік «Лукойл» компаниясы Gunvor Group Ltd-мен өз шетелдік активтерін сату жөнінде келісімге келгенін хабарлады. Тараптар мәміле бойынша негізгі шарттарды бұрын келісіп қойған.
Сату нысаны – LUKOIL International GmbH, яғни ЛУКОЙЛ тобының шетелдік активтерін басқаратын 100% еншілес компания.
LUKOIL мәліметінше, Gunvor ұсынысын қабылдағаннан кейін компания басқа әлеуетті сатып алушылармен келіссөз жүргізбеуге міндеттенді.
Мәміле «ЛУКОЙЛ»мен оның еншілес ұйымдарына қарсы енгізілген шектеу шараларымен байланысты. Келісім толық аяқталғанға дейін халықаралық активтердің үздіксіз жұмысын және олардың банктік қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында тараптар АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты OFAC лицензиясын ұзарту және өзге де рұқсаттар алу үшін өтініш беруді жоспарлап отыр.
Gunvor Group Ltd – әлемдегі е...